Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com23 жастағы ресейлік боксшы Илья Медведев Ертіс өзенінің жағасында өзіне шабуыл жасаған жабайы аюды пышақпен өлтірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Оқиға Тюмень облысының Уват ауданында болды. Бұл туралы SHOT телеграм-каналы мен Ресейдің Тюмень облысы бойынша тергеу комитеті мәлімдеді.
Оқиға спортшы Илья Медведев достарымен Ертіс өзенінен балық аулап қайтып келе жатқанда орын алған. Кенеттен оларға аю шабуыл жасап, 48 жастағы ер адамды оқиға орнында өлтірген. Одан соң Ильяның иығына зақым келтірді. Алайда спортшы жігіт өзінің ауыр жарақаттанғанына қарамастан, жабайы жануарға бірнеше рет пышақпен соққы бере алды.
Ал 41 жастағы үшінші балықшы зардап шекпеген. Ол жаралы Медведевті ауруханаға жеткізді. Жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жан сақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61